Атырау, 24 қараша 22:12
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда жаңа тұрғын үй кешені салынады

PR Сурет
5 664 просмотра

Атырауда жаңа Talan тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады. Бұл BI Group холдингінің Қазақстанның мұнайлы астанасындағы екінші жобасы. Құрылыс компаниясының аталмыш қаладағы алғашқы жобасы – Zaman ТҮК бүгінде қаланың көрнекі жеріне айналған. Жергілікті халық Атырауды "Еуропа" және "Азия" деп екі бөлікке бөледі. Жаңа тұрғын үй Орал өзенінің оң жағалауында, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан. Бой көтеретін кешендегі жоспарлаудың кең таңдауы мен қолайлылықты, орналасқан ауданының қарқынды дамуын айрықша атап кеткен жөн. Себебі, Talan ТҮК маңында 5 мектеп, балабақшалар, ойын-сауық орталығы бар.

Азамат Бейсенов, Talan ТҮК жобасының дамыту менеджері:            

– Тұрғын үйдің құрылысының басталуы 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған. Жобаны 2021 жылдың 4 тоқсанында аяқтау көзделіп отыр. 10 қабатты тұрғын үй кешені 9 кіреберістен, оның әр алаңы 4 пәтерден тұрады. Жайлылық пен еркіндік сыйлайтын үлкен терезелер орнатылатын болады.Үйдің бірінші тұрғын қабатындағы биіктік - 3 метр болса, ал типтік қабаттардағыбиіктік – 2,7 метрді құрайды. Егер жоспарлау туралы айтатын болсақ, 4 бөлмелі пәтерлердегі бөлмелер аймаққа бөлініп, олар екі жаққа қарайды. Ал жатын бөлмелерде – гардероб пен санитарлық торап бар. Фасадтың басым бөлігі табиғи тас – лаймстоуннан жасалатын болады. Жоба тұрғындардың көңілінен шығып, олардың лайықты бағасын аламыз деп үміттеніміз.

Үй ауласы "тыныш", "шулы" және спорттық болып үш аймаққа бөлінген. Футбол алаңы, workout аймағы, күркелер және жас ерекшеліктеріне қарай шағын сәулеттік нысандармен жабдықталған. Көгалдандырылған аула бірегей ландшафттық шешімді ұсынады.

BI Group стандарттары бойынша үй аумағына көлікпен кіруге шектеу қойылған.Ал тұрғындардың көліктері үшін аула астындағы аумақта орналасқан, бірден пәтерге көтерілуге болатын паркинг қарастырылған. Онда велосипедтерге де орын бар. Сондай-ақ, балкон мен бөлмелерді босатуға мүмкіндік беретін қойма үй-жайлар салынатын болады.

Talan ТҮК үшін арнайы авторлық дизайн әзірленді. Тұрғын үйдің холлына жылы түстер пайдаланылған. Аймақтың климатын ескере отырып, жобада кондиционерлер үшін арнайы себеттер қарастырылған. Оларүйдің фасадына эстетикалық үлгідегі әдемі көрініс береді. Ал қазіргі заманауи архитектуралық шешімдерімен бұл кешен Атыраудың тағы бір көрнекілігіне айналары сөзсіз.

Кешен атауы кездейсоқ таңдалмаған. Talan – бақытты оқиға, асқақ армандардың орындалуы дегенді білдіреді. Talan тұрғын үй кешенін таңдай отырып, сіз  жайлылық және еркіндікді таңдайсыз.

Talan тұрғын үй кешенінен тиімді шарттармен алдын ала брондау бойынша пәтер таңдап үлгеріңіз. Сізді қызықтыратын барлық сұраққа Атырау қаласындағы Исатай Тайманов, 5 даңғылында орналасқан сату бөлімінде және 360 қысқа нөмірі арқылы жауап ала аласыз.

ТҮК туралы ақпарат аталған өнімге сұранысты анықтау мақсатында жарияланды.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар кепілдік беру қорымен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалады. Уәкілетті компания - "AS Parking" ЖШС,  құрылыс салушы - "Kaz Industrial Group"ЖШС.

Осы жарнама ҚР АК 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылмайды.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 26.09.2011 жылы берген №0008214 лицензия

3 маусым 2020, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.