Атырау, 29 наурыз 16:36
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда басқару рөлі ауыстырылған Армения көліктері әзірге тіркелмейді

3 647 просмотра

1 маусымнан бастап бүкіл ел бойынша армян нөмірін таққан көліктерді тіркеу басталды. Естеріңізге салсақ, осы жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген сол жақ рөлі бар көліктер уақытша тіркеуден өтуі керек.

ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, алғашқы күні 70-ке жуық жүргізуші Атырау арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген.

- 20 жүргізуші «А» сериялы мемлекеттік нөмір алды, қалғандары - әзірге алған жоқ, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өйткені олардың көлік рөлдері оң жақтан солға ауыстырылған. Сондықтан көлік иелерінің қолында Сауда және интеграция министрлігінің акрредиттелген зертханасынан көліктің жүруге қауіпсіз екендігі туралы куәлігі болуы тиіс. Алайда, Атырауда мұндай зертхана жоқ. Әзірге бұл мәселе қарастырылып жатыр, шешімі табылады деп үміттенемін», - дейді М.Өтеғалиев.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

2 маусым 2020, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.