Атырау, 17 сәуір 02:55
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Атырау: карантиннен кейінгі алғашқы күн

Сурет Бейнежазба
4 173 просмотра

1 маусымда мұнайлы шаһарда екі айға созылған карантин аяқталып, кептеліске толы қала тіршілігі қайта жалғасты. Қаланың бүгінгі тіршілігі «АЖ» тілшісінің репортажында. 

 


Бүгін «Байзар» сауда орталығының көлік тұрағы көліктерге толы болды. Кезектің бәрі ішіндегі киім дүкендерінде. Еске салсақ, карантин алынғанымен шектеулер жойылған жоқ. Мұнда кірерде басыңнан аяғыңа дейін залалсыздандырғышты бүркіп, бетпердемен кіргізеді. Ал, бетпердесі жоқтарға кіре берісте бірнеше рет пайдаланатын бетперде 250 теңгеден сатылымға қойылған.  

 

30 мамырда түсірілген30 мамырда түсірілген30 мамырда түсірілген

Кезектің бәрі Балықшы ықшам ауданындағы көші-қон қызметтері орталығының алдында. Бұл жерде шетелдіктерді тіркеп, еңбек мигранттарына рұқсат құжаты беріледі. Ғимарат турникетпен қоршалып, адамдар орталыққа бір-бірден кіргізілуде. 

  

Дина базары әзірге келушілер үшін жабық. Саудагерлер мен қызметкерлер өздеріне тиесілі дүңгіршіктерін залалсыздандыру жұмысына қызу кіріскен. Сатушылардың бірі 3 маусымда ашылу үшін дайындалып жатырмыз, деді. 

  

Автобекет те әзірге жабық. Көршілес Орал, Ақтөбе, Астарахань облыстарына қатынайтын таксилер осы маңға жиналған. Аудандарға жүретін таксистер де дауыстап жолаушы шақырып жүр. 

 


Темір жол вокзалындағы кезектегілер банкомат үшін тұрғандар. Мұнда да бетпердемен кіру талап етілген. Бүгін билет сатылған жоқ. 

 



Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

2 маусым 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.