Атырау, 19 сәуір 05:13
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Афроамерикалық жігіттің өлімі: Еуропа тұрғындары жаппай шеруге шықты

3 189 просмотра

Америкалық Джордж Флойдтың өлімі қоғамда наразылық тудырды. АҚШ қалаларынан кейін Берлин және Лондонда жаппай наразылық акциясы басталды, - деп хабарлайды Euronews.

Дереккөз мәліметінше, жексенбі күні Ұлыбритания астанасында "Қара нәсілді адамның да өмірінің мәні бар" деген ұранмен жүздеген адам көшеге шықты.

"Біз ғасырлар бойы қара және басқа нәсілді адамдардың құқы бұзылғанын көрдік. Олар көшеде өлтірілді. Жағдай одан сайын ушығып жатыр. Біз бұдан шаршадық! Егер бізді ешкім естімесе, біз айғайлай береміз! Жетер енді! Өзгеретін уақыт келді", - дейді наразылық акциясына қатысушылардың бірі.

Трафалгар алаңындағы наразылық акциясына қатысушылар "әділдік пен бейбітшілік жоқ" деп ұрандап, парламент ғимаратының маңынан өтті. Митинг АҚШ елшілігінің алдында аяқталды.

Берлиндегі АҚШ елшілігінің алдында өткен шеруге 2 мыңға жуық адам қатысты. Олар "Джордж Флойдқа әділ сот үкімі шықсын!", "Бізді өлтіру доғарылсын!", "Енді кімнің мойнын аяқпен басасыңдар?" деген жазуы бар баннерлерді ұстап тұрды.

Лондонда полиция Джордж Флойдты еске алуға арналған митинг кезінде 23 адамды ұстады.

Айта кетейік, өткен дүйсенбіде АҚШ-тың Миннесота қаласында 46 жастағы америкалық Джордж Флойд қайтыс болды. Полиция тұрғынды ұстау кезінде оған қарсы күш қолданған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

1 маусым 2020, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.