Атырау, 25 сәуір 16:41
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Саябақтардың саясы бар ма

Сурет
4 008 просмотра


Екі ай карантиннен кейінгі саябақтардың жағдайы қандай күйде – «АЖ» тілшісінің репортажында.

Ретро парк

Тұрғындардың көбі кешкі уақыттарын осында өткізуде. Бұл парк карантин кезінде қараусыз қалғанға ұқсайды. Маңдайшасының әріптері түсіп,  әткеншектер сынған.

Саябақты сенімгерлік басқаруға алған «Трава у дома» ЖШС басшысы Татьяна ТЕГАЙДЫҢ сөзінше, маңдайшадағы желге ұшқан әріптерге тапсырыс берілген. Карантинге байланысты кешігіп жатыр.  

Ал, әткеншектерді жыл сайын бірнеше рет жөндеуге тура келеді. Өйткені, олар 70 келі салмаққа дейін көтеруге арналған. Бірақ кейде 2-3 жігіт болып мініп алады. Сол себепті олар тез бұзыла береді, негізі әткеншектер балаларға арналған ғой, - дейді Татьяна. 

Жеңіс саябағы

Оның айтуынша, қазір мұнда гүл егу жұмыстары қарқынды жүруде. Жасанды көлге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ал, субұрқақтар маусымның алғашқы аптасында іске қосылады.


Авангард саябағы 

Жеңіс саябағына қарсы орналасқан. Бұл жерде  жасыл көгал төселуде, ал жақында әуенді жарықшамдармен әрленген субұрқақ болады. Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан МУСИННІҢ айтуынша, субұрқақтың құрылысы толық аяқталған.

Қазір қалада 6 алаңда (Смағұлов, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова алаңдары, Жеңіс сабағы, Балықшыда Құнанбаев көшесінде, Құрманғазы мәдениет сарайының алды) субұрқақтың құрылысы аяқтала келді. Құрманғазы сарайы алдындағы субұрқақты іске қосылып тұр.

Балықшы саябағы

Мұнда да гүл отырғызу жұмыстары қарқынды жүруде.

Мұқашев алаңы

«Вокзал маңы» ықшам ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде аудандағы жалғыз алаңның ұзақтан бері жөнделмей жатқанын айтып шағымдануда.

Мұқашев алаңында өткен жылы екі жылға жоспарланған қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазір бірінші кезеңі аяқталуда деп жауап берді Атырау қалалық ТКШ бөлімінінің баспасөз қызметі.

Нұрсая аллеясы. Бұл менің үйіме жақын орналасқан «арбат». Жастардың көпшілігі бұл жерге кешкісін Street workout алаңында жиналады. Ал күндіз саялайтын көлеңке жоқ: талдар сирек суғарылатындықтан көбі қураған.


Атырау қалалық ТКШ мәліметінше, биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында 5 жылға жоспарланған «Атырау қаласын көгалдандыру» жобасы басталған. Биыл қаланың орталық көшелеріндегі  саябақ пен алаңдарда өсіп тұрған 53 мың дана жасыл желекті күтіп ұстау, 12 мың шаршы метрге гүл егу және  5154 жас көшет  отырғызу жоспарланған.  Одан бөлек орталық  көшелерге 30 мың шаршы метр аумаққа жасыл-көгал төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дина Нұрпейісова аллеясы
Фариза Оңғарсынова алаңы
Фариза Оңғарсынова алаңы
Алмагүл аллеясы
Исатай-Махамбет алаңы

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттерді түсірген автор

31 мамыр 2020, 20:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.