Атырау, 15 қаңтар 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелді

4 049 просмотра

30 мамырдағы мәлімет бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

COVID-19 жұқтырған 4 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері.Олар 1972, 1964, 1988, 1995 жылы туған ер адамдар.

Олардың екеуі  инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, ал  тағы екеуі   скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, тағы 5 жағдай Атырау қаласынан, 1 жағдай Жылыой ауданынан  тіркелді.Олардан скринингтен өту кезінде анықталған.

Сондай-ақ  2 адам  2004, 1994 жылы туған   Мақат және Құрманғазы ауданының тұрғындары.Олар инфекция жұқтырған науқаспен  қарым-қатынаста болған.  

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

30.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1036 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 302 .

31 мамыр 2020, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.