Бразилияда соңғы тәулікте 27 мың адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алдыңгүні ауру 26 мың тұрғыннан анықталған. Кеселдің осыншама жылдам тарауы ешбір елде болған жоқ. Қазір Бразилиядағы науқастардың жалпы саны 465 мыңнан асып жығылды.
Соның 28 мыңға жуығы көз жұмған. Бақилық болғандар әсіресе Сан-Паулу штаты мен Рио-де-Жанейро қаласында көп тіркелді.