Атырау, 18 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

ҚМГ басшысы Атырау мұнайшыларына: «Біз бәрін жеңеміз»

4 364 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК »АҚ басқарма төрағасы Алик АЙДАРБАЕВ «Ембімұнайгаз» АҚ-на жұмыс сапарымен келді. Ол еншілес компаниялардың басшыларымен жиналыс өткізді. Жиналыста коронавирус инфекциясымен күрес және жұмыс орындарын сақтау мәселелері талқыланды.

- Қазіргі жағдайда «ҚазМұнайГаздың» басымдығы - қызметкерлердің денсаулығы мен амандығын қамтамасыз ету. Барлық кәсіпорындарда күшейтілген санитариялық режим, жекелеген жұмысшыларды қашықтан жұмысқа ауыстыру, ауысым мерзімін ұзарту және жұмысшылар ауысымының санын азайтуды қамтитын қатаң профилактикалық шаралар қолданылды. Өкінішке орай, аурудың алдын алу мүмкін болмады. Алайда, жалпы жағдай бақылауда, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс арқылы қажетті шаралар алынуда - деді А. Айдарбаев.

Бұдан басқа, ҚМГ-да әзірленген дағдарысқа қарсы стратегия туралы айтты. Ол шығындарды ұлттық компанияның төмендеген кіріс деңгейіне сәйкестендіруге негізделген.

- Біз жұмыс орындарын барынша сақтау қағидасын ұстанамыз. Бізде дағдарыстың қыспағына төтеп беруге қажетті қорларымыз бар деп сендіргім келеді. Бірлескен күш арқылы барлық қиындықтарды жеңетінімізге сенімдімін, - деді ҚМГ басшысы.

Естеріңізге салсақ, ҚМГ-нің дағдарысқа қарсы стратегиясы аясында орталық аппараттың құрылымы мен саны оңтайландырылды, сондай-ақ, компания басшылығының жалақысы мен бонустары қысқартылды. Операциялық, капиталды және әкімшілік шығындар 2020 жылы 146 миллиардтан астам теңгеге азайтылды және алдағы бес жылда оларды 730 миллиардқа азайту жоспарлануда.

Нұргул ХАЙРУЛЛИНА

31 мамыр 2020, 00:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.