Атырау, 15 қаңтар 21:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырған 30 жағдай, Жылыой ауданында - 13 жағдай тіркелді

4 555 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны мыңнан асты. Өткен тәулікте облыста 44 жағдай тіркелді. 

Жергілікті жедел штабтың хабарлауынша, 30 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Олар Теңіз кен орнынан шығар алдында және скринингтен өткен кезде, сондай-ақ инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған қызметкерлер.

Ал, тағы 13 жағдай Құлсары қаласынан тіркелді. Олар скринингтен өту кезінде және бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Сондай-ақ  1 адам 1977 жылы туған әйел адам, Мақат ауданының тұрғыны.          

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

29.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1024 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 294 .

30 мамыр 2020, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.