Атырау, 29 наурыз 10:25
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Теңіз кенішінде карантин ұзартылды

4 506 просмотра

"Теңіз кеніші аумағында қосымша шектеулер енгізу туралы" Атырау облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың қолы қойылған 28 мамырдағы қаулысы шықты.

«Теңізшевройл» ЖШС нысандарында, «Теңіз» аумағындағы мердігер мекемелердің вахталық кешендерінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Шектеу шаралары 2020 жылғы 29 мамыр түнгі сағат 00:00-ден  12 маусым сағат түнгі 00:00-ге дейін ұзартылсын.

1. «Теңізшевройл» ЖШС, облыс әкімдігінің Теңіз кенішіндегі шұғыл штабына, мердігер мекемелер басшылары:

1) Эпидемиялық шаралар, соның ішінде нысандарда санитарлық-дезинфекциялық  режим, әлеуметтік  ара қашықтық, маскалық режим күшейтілсін.

2) Жүргізілген демобилизация нәтижесі бойынша облыс әкімдігінің Теңіз кенішіндегі  шұғыл штабының келісімі бойынша максималды әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, вахталық поселкелерде тұрып жатқан персоналдың орналасуы бойынша  шаралар күшейтілсін;

3) Ауруы симптомсыз өтіп жатқан тұлғалар  бақылауға алынған стационарларда карантиндік режимнің сақталуы қамтамасыз етілсін; 

4) COVID-19 инфекциясымен ауырғандармен байланыста болғандарды оқшаулау талаптарына сәйкес, вахталық поселкелерде карантиндік блоктар ұйымдастырылсын;

5) COVID-19 инфекциясы табылған жағдайда, жекелеген блоктар мен жатақханаларды 14 күндік карантинге жабылуы қамтамасыз етілсін, тығыз байланыста және ықтимал байланыста болғандар COVID-19 инфекциясына лабораториялық тексерістен өткізілсін;

6)   ПТР сынамадан өткізілетін жұмысшылардың тізімі жасақталып,  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Жылыой аудандық бөлімімен бекітілсін;

7) Мердігер компаниялар COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс шаралар жоспарын жасақтасын;

8) Барлық вахталық  поселкелер эпидемиолог дәрігерлермен қамтамасыз етілсін;

9)   КВИ инфекциясының жұмысшылар арасында, вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқан жұмысшылар арасында тарап кетуінің алдын алу мақсатында  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «Қазмұнайгаз МК» АҚ және ТШО компаниясының   өкілетті өкілдерімен  бекітілген  іс шаралар жоспарының орындалуы қамтамасыз етілсін;

2. Атырау облысы әкімдігі, «Теңізшевройл» ЖШС және Теңіз кенішіндегі  басқа да мекемелерге:

1) Теңіз кенішіндегі өндірісті және өзге де қызмет түрлерін қамтамасыз етуге жұмылған персонал мен көлік, Теңіз кенішінен тұрақты мекен-жайына шығарылуға жататын персоналдар, азық-түлік тағамдарын тасымалдап отырған көліктерден басқа, мал өнімдері, дәрі-дәрмек, медикаменттер, құрылыс материалдары, жанар-жағармай және жұмысшылар мен өндірістің тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тасымалдан басқа, көліктердің Теңіз кенішіне кіруіне және шығуына толықтай тыйым салсын;

2) Жөнелтпе құжатсыз, санитарлық тазалаусыз және тіркеусіз (көлік санын, өту уақытын, қозғалыс бағытын, қажет жағдайда қайта оралуын) көлік құралдарының кіруіне жол бермесін;

3) Түнгі ауысымдағы өндіріс жұмысына тартылған персоналдар, Теңіз кенішінен тұрақты мекен-жайына шығарылуға жататын жұмысшылар, сондай-ақ, олардың тасымалына жұмылдырылған жұмысшылар және дәрігерлік бөлім жұмысшылары (шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайында), өрт сөндіру қызметкерлері, нысандарды күзету қызметтері, авариялық қызмет, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жұмысшыларын қоспағанда, сағат 21.00-05.00 аралығында вахталық поселкелер арасында және ішінде адамдар қозғалысына тыйым салынсын;

4) Теңіз кенішінен жұмысшыларды демобилизациялауды барынша жеделдетсін;

5) Атырау облысы аумағында тұратын Теңіз кенішіндегі жұмысшыларды демобилизациялауды COVID-19 инфекциясына Атырау қаласында тест тапсырғаннан және COVID-19 инфекциясына ПТР тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткеннен кейін жүзеге асырсын;

6) жұмыс уақытынан тыс мезгілде жұмысшылардың бірлесіп ас ішуіне, өзара әңгімелесуіне тыйым салынсын;

7) Жұмысшылардың тұрып жатқан жерінен жұмыс орнына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көлікпен барыпкелуін қамтамасыз етсін (жолаушылар арасындағы ара қашықтық бір метрден кем емес, жолаушылар автобус ішінде маскада болуы тиіс);

8) Жұмысшылардың барлығын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етсін;

9)  Дезинфекциялық құралдармен бөлмелерді, соның ішінде есік тұтқалары, сөндіргіштер, тұтқалар мен таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелі мен орындықтары, оргтехника), жалпылама қолданыс орындарын (тамақтану мен тынығу бөлмелері, санитарлық тораптарды, спортпен шұғылданатын бөмелер мен құралдарды) міндетті жинастырып тазартсын;

10) Вахталық поселкедегі қоғамдық қозғалыстағы қоғамдық тамақтану нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №37 Қаулысының  №18 Қосымшасына сәйкес күшейтсін;

11) Карантиндік шаралардың сақталуына мобильдік топтар күнделікті  мониторинг жүргізіп отырсын;

12) Мобильдіңк  топтардың вахталық поселкелерге кедергісіз кіріп-шығуы қамтамасыз етілсін;

3. Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына, «Теңізшевройл» ЖШС, Теңіз кенішінде медициналық қызмет көрсетіп жатқан мекемелерге: 

1) ПТР тексеріс кесте  – жоспарына сәйкес, Теңізде орналасқан уақытша вирусологиялық зертханасына жеткізілу үшін, жұмысшылардан COVID-19 инфекциясына материал жинақтау ұйымдастырылсын;

2) ПМСП мекемелеріне Теңіз кенішінен шығарылған жұмысшылардың тізімін беру қамтамасыз етілсін және тұрғылықты мекен жайы бойынша 14 күнге медициналық бақылауға алынсын;

3)  Жылыой ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына шұғыл хабар жеткізіле отырып, ЖРВИ, өкпе қабынуы белгілері бар тұлғалар COVID-19 инфекциясына тексерілсін;

4) COVID-19 инфекциясы болуы мүмкін  науқастар анықталған жағдайда, провизорлық стационарға медициналық бақылау үшін жатқызылсын;

5) Облыстық әкімдіктің Теңіз кенішіндегі штабын ақпараттандыра отырып, қажетті шараларды қолға ала отырып, жұмысқа шығу (шықпау себебі анықталсын)  процесіне мониторинг жасалсын;

6) Карантиндік және инфекциондық стационардағы қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігі 22.05.2020 жылғы БМСД №37 Қаулысының 32 қосымшасына сәйкес,  қамтамасыз етілсін;

7) Симпотмсыз вирус тасымалдаушыларының стационарларда карантиндік шаралардың сақталуына бақылау енгізілсін;

8) Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына COVID-19 инфекциясы ошақтарында эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін және нысандарда ұйымдастырушылық, әкімшілік  шараларды қолдана отырып, профилактикалық шараларды  уақытымен жүзеге асырсын;

4. Атырау облысы полиция департаментіне:

1) Теңіз кен орнына кіретін және шығатын жерлердің барлығына блокпосттар орнатсын;

2) тұрғын блоктарындағы бейнебақылау камералары арқылы карантиндік шаралардың (қабаттар мен бөлмелер арасындағы қозғалыс) сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;

3) Карантиндік стационарларда карантиндік шаралардың сақталуын видео бақылау камералары арқылы бақылау қамтамасыз етілсін («Оңтүстік Теңіз», «Жаңа Теңіз», «Ватернас», «Венгер қалашығы» және т.б.);

4) Карантиндік және шектеу шаралары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және құзіреті шеңберінде шұғыл әкімшілік шараларды қабылдау қамтамасыз етілсін, сондай ақ, профилактика үшін БАҚ-та кеңінен ақпараттандыру қамтамасыз етілсін;

5) Карантиндік аймақ толықтай оқшаулансын, вахталық поселкелерге кіруге жол берілмесін, сондай ақ, адамдардың заңсыз кіріп-шығуына жол берілмесін;

5. Жылыой ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қамтамасыз етсін:

1) COVID-19 бойынша әр жағдайға жақын қарым-қатынас жасағандар анықтала отырып, Теңіз кенішіндегі медициналық мамандармен бірлесе отырып, эпидемиологиялық тексеріс жүргізілсін (жақын байланыста, ықтимал байланыста болғандар), эпидемиологиялық карта толтырылсын;

2) Науқаспен байланыста болып, оқшауланғандардың карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимді сақтауы бақылансын;

3) Үй карантинінде жатқандардың және олармен бірге тұрып жатқан тұлғалардан үй жағдайында оқшаулану Ережесін  (БМСД №37 Қаулысына 33 қосымшаға сәйкес) сақтайтындығы жөнінде қол хат алынсын;

6. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

29 мамыр 2020, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.