Атырау, 26 қараша 04:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Трамп әлеуметтік желілер туралы жарлыққа қол қойып, Twitter-ді жабатынын айтты

2 986 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желілердің жұмысына қатысты жарлыққа қолды.

Tengrinews.kz тілшісінің Риа Новости-ға жасаған сілтемесіне сүйенсек, Politico газетінің мәліметіне сәйкес, Дональд Трамп бейсенбі күні жарлыққа қол қойды. Әзірше жаңа құжатқа қатысты қосымша ақпарат жоқ.

Сәрсенбі күні Трамп егер әлеуметтік желілер консерваторлардың дауысын өшіруді жалғастыра берсе, олардың жұмысын қатаң бақылауға алатынын немесе толығымен "жабатынын" айтып қорқытты.

АҚШ президентінің сыны Twitter әлеуметтік желісінің жүйесі оның хабарламаларының бірін өтірік деп санап, оның астына пайдаланушыларды пошта арқылы дауыс беру фактілерімен танысуға шақыратын ескерту белгісін қоюымен байланысты болды.

Twitter желісіндегі бұл сілтеме Politico газетінің "Трамп орынсыз мәлімдеме жасайды және пошта арқылы дауыс беру нәтижелердің бұрмалануына әкеледі" деген материалға әкеледі. Сондай-ақ, Twitter-де үш тармақтан тұратын Трамп нені қате айтқанын және осы тақырыпқа қатысты жарияланымдар топтасының қысқа үзіндісі келтірілген.

Кейін компания бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Олардың пікірінше, Трамптың желідегі жазбасы сайлаушыларды шатастыруы мүмкін екен.

АҚШ президенті бұған жауап ретінде Twitter желісін президенттік сайлауға араласып, сөз бостандығына қысым жасады деп айыптады.

29 мамыр 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.