Әскери қызметшілердің ата-аналары мен туыстары Инстаграм (atyrau_vsu_mvd_rk), сондай-ақ Whatsap мессенджері (87755351820) арқылы Жарғыға сай емес әрекеттер туралы хабарлай алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы мәлімдеді.
Бұдан басқа, «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әскери тергеушілер сарбаздардың ата-анасымен байланысты үзбей келеді. Мәселен, мамыр айында Whatsap арқылы шұғыл әскери қызметке шақырылушы анасымен әңгімелескен кезде келісімшарт бойынша қызмет өткеруші әскери тарапынан оған қатысты жарғыға сай емес әрекеттер анықталған. Басқарма қызметкерлері бөлімшеге барып, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суреттер: ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы