Атырау, 22 қараша 03:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда төрт Халық әртісінің құрметіне композициялық ескерткіш қойылды

Сурет
5 244 просмотра

Атырауда жақында қазақ драма театрының алдына КСРО халық әртістері Асанәлі Әшімовтің (бұл атақты көзі тірісінде берді, ғұмырлы болсын), Хадиша Бөкееваның, Сәбира Майқанованың және Қазақ КСР халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің ескерткіші қойылды. Композициялық ескерткіш «Шығармашылық әңгіме» деп аталады. Карантинге байланысты шығар, салтанатты ашылу рәсімі өтпеді.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметтерге сәйкес, бұл композицияға жергілікті бюджеттен 156 миллион 808 мың теңге жұмсалған. Жобаға тапсырыс беруші - қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Тапсырысты бір көзден шартты тікелей жасау арқылы «SAZ SYRI» ЖК орындаған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 мамыр 2020, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.