Құрманғазы ауданында маусымда көгілдір отынның уақытша тоқтатылуы туралы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалы хабарлағаннан бері жергілікті халық қазірден қам жасауға көшкен. Электрлі шәйнек, плиткаларға сұраныс артып, ал кейбіреулер далаға қазан-ошақ салуға көшкен.
Маусымдағы газдың тоқтатылуы 2020-2021 жылдың күзгі-қысқы дайындық жұмыстарына байланысты. Аудан аумағындағы «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральды газ желісінің 130-361 шақырымында ақау бар құбырлардын ауыстыру және жөндеу маусымның 10 мен 30-ы аралығында жүргізу көзделген. Табиғи газдың уақытша тоқтатылуы Құрманғазы ауданындағы Азғыр өңірінен басқа округтерде орын алатыны ескертілген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА