Әлеуметтік желіде бір елді мекеннің тұсында жолдың бойында құйын тұрғаны бейнеленіп, оны кадр сыртындағы дауыс Индер ауданы Жарсуат ауылында орын алып жатыр деген бейнежазба тарады.
-Бұл жалған ақпарат, монтаж екені анық байқалып тұр, - дейді сеніммен Индер ауданы әкімінің орынбасары Ақтілек МҰСАҒАЛИЕВ. – Иә, біздің аймақта жиі жел болып тұрады, бірақ дәл мұндай құйын жоқ енді.
Облыстық ТЖ департаментінде де облыс аумағында мұндай табиғи құбылыс тіркелген жоқ деді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды