Атырау, 20 сәуір 08:31
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Дамбының бес тұрғыны балыққа уланды

6 311 просмотра

Облыстық аурухананың дәрігерлері тамақтан уланған бес жас жігіттің өмірі үшін күресуде.

Бес жігітке де нерв жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын уытты инфекциялық ауру - ботулизм диагнозы қойылды. Дамбының бес тұрғыны ысталған балықтан дәм татқан. Қазір олар ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, үшеуіне өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.

Облыстық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бауыржан АХМЕТҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, технологиясы бұзылып дайындалған консервілерді, қақталған балықты, тұздалған, маринадталған саңырауқұлақтарды және басқа өнімдерді пайдалану ботулизмге себеп болуы мүмкін. Ботулизмнің алғашқы белгілері - жүрек айну, ауыздың құрғауы, тамақтың ауруы, көзге қос көріну. Пациенттердің көпшілігінде қатты әлсіздік, іш қату, бас айналу, тыныс алудың бұзылуы, іштің кебуі байқалады. Ауыр жағдайларда - тыныс алу бұлшықеттері, сондай-ақ аяқ-қолдар сал болып қалады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 мамыр 2020, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.