Атырау, 29 наурыз 14:57
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Махамбет Досмұхамбетов: Теңіз кеніші жабылмайды, жұмыс ауысыммен жалғасады

4 192 просмотра

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ онлайн брифингте Теңіз кенішінің жабылмайтынын мəлімдеді.

- Қазіргі таңда коронавирустың үлкен ошағына айналған Теңіз кенішінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ТШО мен мердігер мекемелердің жұмысшыларын демобилизациялаудың мақсаты — азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл вирустың тарап кетпеуіне мүмкіндік береді. Жағдай тұрақтанып келеді. Қазір Теңіз кеніші жұмысын тоқтатып, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе мүлде жоқ, - деді әкім. 

Бұдан басқа, вахта 90 күнге созылғандықтан, жұмысшылардың ауысымы жоспарланған.

- Әрине, адамдар шаршайды. Сондықтан оларды ауыстыру қажет. Бірақ жұмыстан шығару, жұмысты тоқтату туралы мәселе жоқ, мұның бәрі өндірісті және адамдардың өмірін сақтау үшін жасалады, - деді Досмұхамбетов.

Қала базарларына келер болсақ, брифингте Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ оларды эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде ғана ашылады деп хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, коронавирус инфекциясына қатысты өз критерийі бекітілген. Егер ауру деңгейі 7 пайыздан асса, эпидемиологиялық жағдай қиын деген сөз. Егер апта ішінде инфекция жұқтырғандар саны төмен деңгейде болса, карантиндік талаптарды жеңілдету бойынша қосымша шаралар қарастырылады, - деді Жұмағалиев.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 мамыр 2020, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.