Атырау, 24 сәуір 21:05
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Коронавируспен күреске миллиард теңге жұмсалды

2 903 просмотра

Облыста коронавирус инфекциясымен күресуге 1 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы онлайн-брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ хабарлады. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол бұл қаражаттың жартысы республикалық бюджеттен, екінші бөлігі облыстық бюджеттен бөлінгенін айтты.

- Бұл қаражат мақсатты түрде жұмсалды, - деп атап өтті өңір басшысы.

Бүгінгі таңда облыста Теңіз кенішін қоса алғанда, ауру жұқтырған адамдарға арналған 540 орын, сонымен қатар 300 провизорлық және 2000 карантиндік орын бар. 

Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлағандай, облыста 26 мамырдағы жағдай бойынша ауру жұқтырғандар саны - 923, оның ішінде Жылыой ауданында  826 адамның 809-ы Теңіз кенішінде тіркелген. Атырау қаласында 75 адам, Құрманғазы ауданында 8 адам бар, олардың алтауы мемлекеттік шекарадан өткен кезде анықталды. Исатай ауданында - 5, Мақат ауданында - 7, Махамбет және Индер аудандарында бір-бірден, бірақ онда ауру ошақтары жоқ.

233 адам емделді, бұл жалпы мөлшердің 26%-ын құрайды.

- Жағдай тұрақтануда, күніне орта есеппен ауру жұқтырған 15-20 адам тіркеледі, - деді Жұмағалиев. - Алайда қауіпсіздікті сақтауды ұмытпау керек. Әзірге карантинді жеңілдету кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр, өздеріңіз білесіздер, ол 8 маусымға дейін ұзартылды. Тек ауру азайған жағдайда ғана өзгерістер енгізуге болады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 мамыр 2020, 23:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.