Атырау, 18 желтоқсан 18:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Жыл соңына дейін 45 мың мұнайшы жұмыстан қысқаруы мүмкін - Рашид Жақсылықов

14 157 просмотра

Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықовтың мәліметінше, мұнай-газ саласындағы компаниялар әлемдік мұнай бағасының құлдырауы салдарынан зардап шекті. Әсіресе, табысынан айырылған өндіріс орындары қызметкерлеріне алдағы уақытта жалақы төлей алмауы мүмкіндігін жасырмады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Біздің есебімізше, үшінші тоқсанның өзінде мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтін 9 мыңнан астам жұмысшы қысқарады. Ал, «ТШО» компаниясының үшінші зауыт жобасы іске қосылмаса, жыл соңына дейін бұл көрсеткішке тағы 36 мың адам қосылады деген болжам бар. Яғни, 2020 жылдың соңына дейін қара алтын өндіру салсындағы қысқарту 30 пайызға жететінін байқап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, «ТШО» компаниясы даму зауытын жүргізіп жатқан жерінен 18 мың адамды үйіне қайтарды. Оның 2 мыңға жуығы шетел азаматтары. Тағы да 7 жарым мың адамды үйіне қайтаруды қарастырып жатыр. Себебі, өндіріске тарап кету қаупі бар», - деді Рашид Жақсылықов.

Оның айтуынша, «Теңізшевройл», «Chevron» секілді алпауыт компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Қазақстан тарапы америкалық алпауыт компания басшыларынан жұмысшыларды жарты жылға дейін жұмыстан қысқартпауды сұрап отыр.

«Мен ертең Атырауға ұшамын. Пандемия салдарынан болған жағдайды реттеуге тырысып жатырмыз. Әрине, 25 жылда қазақ елінің шикізатын игеріп, жақсы пайда тапқан шетелдік компаниялар қиын жағдайда қолдау көрсетеді деген сенім бар. Мәселен, төтенше жағдай кезінде «Теңізшевройл» компаниясы 18 мың жұмысшысын мобилизация жасады. Бүгінге дейін оларға орташа жалақы төледі. Алайда, шілде, тамыз айларында компания бұл саясатты ұстана ма, жоқ па, белгісіз. Яғни маусымның 23-нен кейін ол компанияда жұмыс істеген адамдардың тағдыры қалай болатынын айту қиын. Тағы бір жайт, әлемдік мұнай бағасының құлдырауынан Маңғыстау облысындағы өндіріс орындары қатты зардап шекті. Өйткені, бұл өңірде бұрғылау жұмысы дамыған. Карантин кезінде жұмысшыларға жалақы төлемек түгел, екі қолға бір күрек тауып бере алмайтын жағдайға жетті. Кей компаниялар қызметкерлеріне 30, 50% жалақы төлеп отырды», - деді ол. 

Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы 2022 жылы мұнайға деген сұраныс артады деген болжам жасады.

«2020-2021 жылдары мұнай-газ саласы үшін өте ауыр болатынын түсіну керек. Алдағы уақытта осы саладағы компаниялар өлместің күнін кешеді. Біздің есебімізше, биыл мұнай өндіру көлемі 85 млн баррельге қысқарады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 90 млн баррель еді. Былай қарағанда, 5 млн тонна көп көрінбеуі мүмкін. Алайда, өндіріс барысында, қаржылық тұрғыда бұл айтарлықтай көрсеткіш. Дегенмен, 2022 жылы қара алтынға сұраныс артып, баға көтеріледі деген болжам бар», - дейді Рашид Жақсылықов. 
26 мамыр 2020, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.