Енді сотта Владислав Челахтың мүддесін құпия құжаттарға рұқсаты бар адвокат қорғайтын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Сотқа Сәрсеновтің науқасы туралы құжат келіп түскен жоқ. Құпия құжаттарға рұқсаты бар екінші қорғаушы Естияров та науқастанып қалды. Осыған байланысты сот адвокат Естияровты Алматы облыстық алқаның адвокаты Жұмағайшы Саржановамен ауыстыру туралы шешім қабылдады. Оның құпия құжаттарға рұқсаты бар және қазір ол Челахтың мүддесін білдіреді. Челахты сот отырысы залына алып келді, бірақ ол өзінің қорғаушысы Сәрсеновсіз сот процесіне қатысудан тағы да бас тартты. Сот сараптама қорытындысымен таныстыруды жалғастыруда», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Сотта тағы 20 минуттық үзіліс жарияланды.
Еске сала кетсек, бүгінгі сот отырысы Челахтың қорғаушыларының келмеуіне байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды.
Бұған дейін, 29 қараша күні адвокат Серік Сәрсенов денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына келмей қалған болатын. Ал 30 қараша күні таңертең екінші қорғаушы С.Естияров та денсаулық жағдайына байланысты сот процесінжалғастыра алмайтынын телефон арқылы хабарлады. Сот отырысы бүгін, 4 желтоқсан күні жалғасу керек еді.
Дереккөз:bnews.kz