Атырау, 14 қаңтар 17:55
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырауда жолаушылар пойызы 10 маусымнан бастап жүреді

3 376 рет қаралды

13 мамырда ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынасын қайта бастау жөнінде шешім қабылданды. Бұдан бұрын хабарланғандай, халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойызы кезеңмен 1 маусымнан жүре бастайды.

Атырауда екінші кезеңде - 10 маусымнан бастап 39 пойызды іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде:

Нұр-Сұлтаннан - Алматы, Атырау, Достық, Орал, Айсары, Шымкент; 

Алматыдан - Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл;

Атырау - Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатан.

Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай, сонымен қатар, көрші елдермен келісілгеннен кейін тағы 15 пойызды іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде:

Алматы - Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосибирск, Қазан;

Нұр-Сұлтан – Челябинск;

Қарағанды - Мәскеу, Омск, Томск;

Атырау-Астрахан.

Қазіргі кезде билеттер сатылып жатыр. Барлық инфрақұрылымдық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға дайын.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 мамыр 2020, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.