Атырау, 24 сәуір 01:22
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Алып жүк Атыраудың карантиннен ашылғанын күтіп тұр

4 203 просмотра
Көрнекі сурет

Оңтүстік Кореяда дайындалып, Қара теңіз, Еділ-Дон арнасы және Каспий арқылы Жайық-Каспий арнасымен Қарабатандағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылыс алаңына жеткізілетін ірі габаритті жүк 22 мамырда Атырау өзен портына жетті. Бұл туралы осы жобаның операторы - «KPI.Inc» ЖШС хабарлады.

Кореядан жүк Қара теңіздегі Констанца румын портына жеткізілді, бар болғаны алты баржамен технологиялық жабдықтың 17 бірлігі жеткізілді. Бұл пропанды сақтауға арналған төрт резервуар (әрқайсысының салмағы 532,7 тонна), жоғары қысымды үш ыдыс (әрқайсысының салмағы 115 тонна), жалпы салмағы 177,5 тонна болатын екі жылу алмастырғыш және пропанды дегидрирлеу сегіз реакторы (әрқайсысының салмағы 145 тонна). Сонымен қатар, бұл жүктің арасында жалпы салмағы 80 тонна болатын реакторларға арналған қосалқы бөліктерінің сегіз жиынтығы бар. Жүктің ең жоғары биіктігі шамамен 12,5 метр, ал жалпы салмағы - шамамен 4 мың тонна.

Баржаларды Жайық-Каспий арнасымен өткізу үшін  оның түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Үлкен салмақты жүк тасымалдауымен айналысатын «Саренс Қазақстан» компаниясының хабарлауынша, жүк қазір Атырау өзен портында тұр. Алыптар керуені шамамен маусым айында, карантин аяқталған кезде қаладан өтеді. Әлбетте, сол күні қаладағы жарықты өшіруге тура келеді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 мамыр 2020, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.