Атырау, 25 сәуір 14:39
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мұқтаждың тілегі қабыл болды

Сурет
2 808 просмотра

Қасиетті Рамазан айында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау облысында 5 отбасына баспана сыйға тартылды. Бұл жобаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2017 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Осы жоба аясында орталық «Иманғали» мешітінің жанынан «Шаңырақ» қайырымдылық қоры құрылды. Оның басты мақсаты мұқтаж адамдарға тұрғын үй алуға қол ұшын беру. Үш жыл ішінде қор есебінен 8 пәтер, оның бесеуі биыл сатып алынды. Оларды аз қамтылған отбасы,  көп балалы отбасы, мүгедектер алады.

Жылыой ауданында өткен сенбі күні үлкен отбасы – бір өзі 8 бала өсіріп отырған Бақытгүл ТҰҒАРОВА қоныстой жасады.  

Ал, Атырауда жаңа пәтердің кілті Зайналбек ТИПАЕВҚА бұйырды.  Мүгедектігіне қарамастан ол орталық  «Иманғали» мешітіне үнемі келіп жүретін. 11 жыл жолдасымен бірге пәтер жалдап жүрген оның өз үйіне қол жеткізуге мүмкіндігі жетпеген еді. Денсаулығына байланысты жұмысқа да тұра алмады, ал оның әйелі Надежда базарда сатушының көмекшісі екен. Тапқан-таянғандарының бәрі пәтер жалдауға кетеді. Пәтерге қоса Зайналбекке қазіргі заманғы мүгедектерге арналған арбаны да сыйға тартты.

Атырауда жаңадан салынып жатырған үйлердің бірінен тағы үш отбасына пәтер беріледі. Олардың меншік иелігі құжаттармен расталып, ресімделді, тек құрылыстың аяқталуын күту ғана қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі ұсынды

25 мамыр 2020, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.