Мұнайлы шаһарда бүгін, 25 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары, яғни асхана, дәмхана, мейрамханалар ашылып, қалалықтардың үйден шыққанда барар жері табылды.
АЖ тілшісі солардың бірқатарын аралап көрді.
Түскі ас мезгілінде орталықтағы танымал кафетерийде келушілер көп болды. Мені де түстенуге келді деп ойлаған кафе әкімшілігі 30 адамнан артық кіргізе алмайтынын айтып, адам саны азайғанша күте тұруымды ескертті. Мен кірген қоғамдық тамақтану орындарының барлығында 1,5 метр ара қашықтық сақталған. Кірер есіктерде бетпердемен келу талап етілген.
Бірақатар келушілермен әңгімелестім.
Балаларымен бірге келген Назира:
- Арасында отбасымызбен серуендеуге шыққанда осында тамақтана саламыз. Бүгін балалардың соңғы қоңырауы болған соң, мерекелеп келіп қалдық. Екі ай үйден шықпаған балалар қуанып қалды.
Айнұр:
- Досыммен әңгімелесуге келдім. Ұзақ уақыт үйде отырғаннан кейін, сыртқа шығып, жайғасып отырып әңгімелесуге мүмкіндік туды. Қазір құрбымның карантин кезінде өтіп кеткен туған күнін атап өтудеміз.
Еске салсақ, 25 мамырдан бастап Атырау қаласында қоғамдық тамақтану орындары кешкі 22:00 ге дейін ашық болады. Ал, қоғамдық көліктер барлық бағытқа кешкі сағат 23:00-ге дейін қатынайды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор