Украинада Жоғарғы Рада депутаты Валерий Давиденко Киевтегі кеңсесінде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Facebook парақшасында парламент депутаты Илья Кива хабарлады.
«Мылтықпен жараланған оның денесі өз кабинетінен табылды. Оқиға анықталуда», - деп жазды ол.
Аталған жағдайды Украинаның ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Антон Геращенко да растады. Геращенконың айтуынша, полиция мен прокурорлар қайғылы жағдайдың барлық нұсқаларын тексереді.
Дереккөз: 24.kz