Атырау, 27 сәуір 04:02
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Медикер-ӨМ» ЖШС: «Теңіз кенішіне дәрігерлерді жұмысқа қабылдау жөнінде хабарлама жарияланған жоқ, бірақ коммерциялық ұсыныс бар»

4 947 просмотра

Қазір әлеуметтік желіде «Теңіз кенішінде ашылған провизорлық стационарға» жалақысы 1 миллион 100 мың теңге болатын 20 дәрігер, 20 медбике (жалақысы 950 мың) және 40 санитар (900 мың) қажет; жол шығыны мен тұратын жері жұмыс берушінің есебінен, келісімшарт мерзімімен» деген ақпарат таралып жатыр. Мұның қандай хабарландыру екенін  «АЖ» анықтап білген еді.

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінің өкілі Ерлан ЕСЛЯМОВТЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта ТШО емханасы медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдап жатқан жоқ. Бірнеше күн бұрын Теңіз кенішінде ашылған 230 орындық жұқпалы аурулар стационарына келер болсақ, бұл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы.

Ал  «Медикер-Өнеркәсіптік медицина» ЖШС бас директоры Арман ЛУКМАНОВ былай деді:

- Біз вахталық әдіспен жұмыс істеуге медицина қызметкерлерін үнемі шақырамыз және өндірістік компаниялардан ұсыныстар түссе, оларды нысандарға орналастырумен айналысамыз. Бірақ қазір Теңіз кенішінде жобаларымыз жоқ, алайда болғанын қалар едік. Жақында біз коммерциялық ұсыныс әзірледік, оны компанияларға жіберуді жоспарлап отырмыз.

- Демек, бұл ақпаратты сіздің қызметкерлеріңіздің бірінің таратуы мүмкін бе?

- Мүмкін. Бәлкім таныстырының біріне жұмыс керек болған шығар. Бірақ бұл туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Жалпы, бұл дұрыс хабарландыру емес, өйткені адамдарды жұмысқа алған кезде біз ешқандай хабарландыру бермейміз. Тапсырыс берушімен келісім-шарт жасағаннан кейін біз дерекқорымыздағы медицина қызметкерлеріне хабарласып, еңбек шарты мен еңбекақы туралы жеке келісеміз.

Айнұр САПАРОВА

«АЖ» ескертпесі. Жұқпалы аурулар стационары вирус жұқтырған адамдарды емдеуге арналған, ал провизорлық стационар – тәуекел тобындағы қарым-қатынаста болған адамдар жатқызылатын және тексеретін орын.

24 мамыр 2020, 00:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.