Атырау, 20 сәуір 03:02
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Жылой аудандық ауруханасы карантинге жабылған жоқ» деді Жедел штаб

3 790 просмотра

Жылой аудандық орталық аурухана штаттық режимде жұмыс жасауда, - деп хабарлады облыстық Жедел штаб. Ал Құлсары қаласының тұрғындары аурухана карантинге жабылды деп оларды қабылдамағанын айтады.

-Кеше менің жолдасымның денсаулығы нашарлап, инсульт болды ма деп ойладық. Бірақ, аудандық аурухана бізді қабылдаған жоқ. Мұндай жағдайда компьютерлік томография жасау керек, ал ол маман коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан қазір карантинде екен. Қабылдау орнын аурухана жанында бөлек тұрған ғимаратқа көшірген. Жолдасыма КТ жасайтын жеке клиника іздеуімізге тура келді. Әйтеуір, инсульт емес екен. Ал, егер инсульт болса ше? Онда оған тез арада медициналық көмек қажет қой, - дейді Құлсарының тұрғыны. Қалай болғанда да жолдасы ем алу керек. Орталық аудандық аурухана қабылдамайды. Дүйсенбі күні олар облыс орталығына емделуге баруға рұқсат алуға ниеттеніп отыр.

-Жылыой ауданында COVID-19 жұқтырған 16 адам анықталды. Оның 8 Құлсарыдан, ал 7 Майкөмген ауылдық округінен және 1 Жаңа Қаратон ауылының тұрғыны. Бұл ретте аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ, сондықтан ол штаттық режимде жұмыс жасап тұр, - дейді облыстық штаб өкілі Жасұлан БИСЕМБИЕВ. – індетті жұқтырған 16 адамның бірі науқаспен байланыста болғандардың ішінен анықталған Құлсары емханасының қызметкері. 16 науқаспен байланыста болған барлығы 47 адам екені белгілі болды. Олар қазір тексеруден өтіп жатыр. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 мамыр 2020, 20:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.