Әлеуметтік желіде Атырау облысы бас санитарлық дәрігерінің Атырау облысының аумағында шектеу шараларын және Атырау қаласында карантин режимін 8 маусымға дейін ұзарту туралы қаулысының суреті пайда болды.
Бұл түпнұсқа құжат па? Шұғыл штабпен байланысу мүмкін болмады, ал облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ержан ТӨЛЕК: «Штаб әкімдікке мұндай қаулы дайындалғанын, бірақ әлі қол қойылмағанын хабарлады» деп түсініктеме берді.
Егер қаулы күшіне енсе, (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін емес, 21.00-ден 6.00-ге дейін) жеңілдетілген «коменданттық сағатты» қоспағанда, 11 мамырда белгіленген шектеулер сақталады.
Әлеуметтік желіде таралған суретке қатысты облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың өзі жазба қалдырыпты.
"Желіде бас дәрігердің кезекті Қаулысының жобасы таралған. Бұл қол қойылмаған, әлі түпкілікті құжат емес. Қазіргі уақытта мен карантиннің 8 маусымға дейін ұзартылатынын нақты айта аламын. Басқа мәліметтерді қосымша хабарлаймыз", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желідегі суреттер