Атырау, 16 қаңтар 01:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Мақатта карантин жарияланды

4 924 просмотра

Мақат аудандық жедел штаб мәлімдегендей, 17-18 мамыр күндері аудан тұрғындарынан «COVID-19»-ға алынған анализ қорытындысы бойынша жергілікті 7 тұрғыннан оң нәтиже шықты. Осыған орай, коронавирус індетінің алға қарай өршуін болдырмау мақсатында, Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және  «COVID-19» коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысын қабылдады. 

Қаулыға сәйкес Мақат кенті аумағында 22 мамыр сағат 00:00-ден бастап 5 маусым сағат 07.00-ге дейін «Карантин» режимі белгіленіп, оны сақтау шаралары бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Ол Атырауда алғаш қатаң кезде (30 наурыздан бастап) енгізілген шараларға ұқсас. Атап кетер болсақ, тұрғындарға көшеде кешкі сағат 8-ден таңғы 6-ға дейін жаяу немесе көлікпен жүруге рұқсат жоқ,  дүкендер мен базар (азық-түлік сататындардан басқа), қоғамдық тамақтану орындары, қызмет көрсету субъектілерінің жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар, Мақат кентіне кіріп-шығуға да тыйым салынды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 мамыр 2020, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.