Атырау, 20 сәуір 12:16
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Қызылқоға шенеуніктері жол талғамайтын көліктерді 17 миллион теңгеге сатып алғысы келген

4 523 просмотра

Мемлекеттік сатып алу сайтында құны 115 млн теңге болатын 18 көлікті сатып алу тендері жөнінде Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының хабарландыруы жарияланды, оның ішінде 17,7 млн теңге тұратын жол талғамайтын екі көлік бар. Бұл туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болғаннан кейін, Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оған түсініктеме беруді қажет деп тапты.

"Қызылқоға ауданы әкімдігі 18 автокөлік сатып алуға ашық конкурс жариялаған болатын. Оның ішінде, 10 ауылдық округ әкімдіктері үшін әрқайсысының құны 5 миллион теңге тұратын «Нива» маркалы 10 автокөлігі бар. 

Ауылдық мемлекеттік қызметшілердің көліктері шамамен 10 жылдан бері жаңартылмай келеді. Бүкіл көлік тозған, осы кезге дейін барлық ауылдық әкімдер жеке автокөліктерін пайдаланып келген. Ал, Қызылқоға ауданының аумағы үлкен, ауылдық округтердің арақашықтығы да едәуір ұзақ.

Сондықтан көлікпен жүріп-тұру мәселесі ауылдық мемлекеттік қызметшілер үшін өзекті болып келді. Осыған сәйкес, 10 ауылдық округ пен 5 аудандық бөлімге автокөлік сатып алу туралы шешім қабылданған болатын.

Сондай-ақ, тағы 2 кроссовер-көлік  аудан әкімінің орынбасарлары үшін алынуы керек еді. Бірақ, аудан әкімдігі бұл автокөліктерді сатып алмайтын болып шешті. Қазір тек 16 автокөлік сатып алынады, ауыл әкімдері үшін 10 автокөлік, аппарат басшысына 1 және қалған 5-еуі аудандық бөлімдер үшін", - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

22 мамыр 2020, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.