Атырау, 25 сәуір 22:14
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жоғалған сәби ауладағы септиктен табылды (егжей-тегжей)

8 207 просмотра

Бүгін, 22 мамыр күні таңертең,  Жұлдыз ықшамауданында жоғалған баланың денесі табылды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰҚТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, баланың денесі өз үйінің ауласындағы септиктен табылды. Аулада біреуі бос тұрған, екіншісі пайдаланып отырған екі құдық бар. Баланың денесі сол пайдаланылмай тұрған шұңқырдың ішінен табылды.

– Бала табылған септиктің іші қоқысқа толы болды, бензиннің босаған бес темір құтысы шықты. Түбі тізеге дейін су. Баланың денесі түбінде жатты, - дейді Г.Мұқтарова.

– Бұдан бұрын септиктердің мұқият тексерілгені айтылған еді. Демек, бұл септик қаралмаған ғой?

– Ауладағы пайдаланылып жүрген септик сорылды. Ал мына пайдаланылмай тұрған септикті еріктілер іздеуге кіріскен кезде көзбен шолып шыққан. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полиция департаментінің басшылығы сәби тұрған үйдің ауласындағы және көрші үйлердегі септиктерді қайта тексеруге бұйрық берді. Міне, бүгін таңертең табылып отыр...

– Сәбидің денесінде қандай да болмасын жарақаттар, мәселен, ұрып-соққан немесе көлік қаққан із жоқ па?

– Осыған қатысты қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу-жедел жұмыстары жүріп жатыр...

Еріктілер септиктің іші қоқысқа толы болғанын айтады. Септиктің ішін тексерген, бірақ мұқият қаралмаған боп тұр. «Бәлкім, бастапқыда абыр-сабыр болып жүргенде адамдар мұқият болмаған шығар», - дейді еріктілер.

Айнұр САПАРОВА

Куәгерлер жолдаған сурет

22 мамыр 2020, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.