Атырау, 16 қаңтар 02:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Мақат, Құрманғазы аудандары және Құлсарыда Covid-19 індетінің жаңа жағдайы тіркелді

4 609 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 жағдай тіркелді деп хабарлайды Жедел штаб.

Атап айтқанда, 20 науқас Теңіз кенішінің жұмысшылары.  Олар үйіне кетер алдында скринингтен өткен қызметкерлер.

«Төрт адам жаңа анықталған инфекция ошағынан жұқтырған. Коронавирус инфекциясы 1988 жылғы Мақат ауданының тұрғынында,  Құлсары қаласының екі тұрғыны -  1993 жылғы  әйел мен  1976 жылы туған ер адамда  расталды. Төртіншісі - Құрманғазы ауданының 1999 жылғы  тұрғыны екені анықталды»,- деді Жедел штабта.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаға  сәйкес ем алады.    

Қазір инфекция ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Осылайша, Атырау облысында  қауіпті дертке шалдыққандар  саны  816  адамға жетті.  Оның 732 – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Ал,  коронавирустан айыққандар саны – 203 болды.

21 мамыр 2020, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.