Бразилияда COVID-19 дерті дендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгінде коронавирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша Бразилия әлемде үшінші орында тұр. Елде 254 мың адамға атыжаман аурудың диагнозы қойылды. 16 мыңнан астам тұрғын індет құрбаны болды.
Мамандардың айтуынша, жансақтау бөлімінде бос орын жоқ. Індеттен ең көп зардап шеккен Рио-де Жанейро қаласы. Онда науқас санының көптігінен аймақтағы ірі футбол стадионы уақытша ауруханаға айналды.
Ел тұрғындары биліктің коронавируспен күрестегі қолға алған шараларына көңілдері толмай отыр. Халықтың басым көпшілігі президент Жаир Болсонарудің саясатына да наразылығын білдіруде.