Атырау, 16 қаңтар 04:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Ол енді ешқашан полковник болмайды

3 750 просмотра

№2 Атырау қалалық сотында подполковникке - Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тергеушілерінің айтуынша, ол аңшылық қаруды сақтау және ұстап жүруге рұқсат қағазын тез арада ресімдеп беру үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған.

Полиция офицерін сот кінәлі деп тауып, параның 20 еселенген мөлшерінде (600 мың теңге) айыппұл салып, подполковник шенінен және өмір бойы  мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 мамыр 2020, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.