Атырау, 20 сәуір 15:25
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мұсағалиев: 25 мамырдан бастап қалған нысандарды ашамыз

2 995 просмотра

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өңірде карантин режимі жойылатын болжамды күнді атады, деп хабарлайды шұғыл штаб.

Темірбек Мұсағалиевтың айтуынша, Атырау облысында шектеу шаралары біртіндеп алынады. Атап айтқанда, 18 мамырдан бастап жазылу арқылы білім беру орталықтары мен үйірмелер ашылады, топта 5 адамнан аспау керек. 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер де ашылады. Олар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және жұмысты уақытша шектеу талаптарын сақтауы тиіс.

20 мамырдан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, (ата-анасының немесе қамқоршысының және асырап алушының жұмыс орнынан анықтама ұсынылған кезде) балаларды қабылдау үшін мектепке дейінгі мекемелерде (меншік түріне қарамастан) кезекші топтар ұйымдастырылады.

- Мен мейірімділік танытып, бүкіл нысанды бірден ашып жібере алмаймын, жағдайды бақылай алмай қалуымыз мүмкін, сондықтан бәрін біртіндеп ашамыз. Енді бір апта шыдауымыз керек, егер аурудың көбею деңгейі шамалы болса, 25 мамырдан бастап қалған барлық нысандарды - тамақтану орындарын, базарларды, сауда орталықтарын, діни және спорттық нысандарды ашамыз, - деді Темірбек Мұсағалиев.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, ауру белгілері білінбейтін науқастар үлкен қауіп төндіреді екен. Олар өз аурулары туралы білмей, пневмония түріндегі асқынғаннан кейін ауруханаға түседі.

17 мамыр 2020, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.