Атырау, 15 қазан 08:14
 дождьВ Атырау +16.8
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

"Неше бас жатыр?"

Бейнежазба
6 948 рет қаралды

Өткен аптада әкімдіктің Телеграмм-каналында Атыраудағы Самал ықшамауданының тұрғыны Ноғай бейітінің жанында тау төбе болып үйіліп жатқан малдың бастарын түсірген бейнежазба жариялады.

- Бұл мал базары қызметкерлерінің ісі. Неше бас жатқанын қараңдар! Сарыөзек елдімекені жақын жерде, жергілікті билік қайда қарап отыр? – деп ашуланды түсіріп тұрған оператор. Бейнежазбаға тіркеп: «Қазір жаз келіп, ауру тасымалдайтын кеміргіштердің бәрі оянды. Үндемей отырмай, жауап беріңдер», - деген жазба  қалдырды.

Бірақ әзірге жауап жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды 

18 мамыр 2020, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.