Атырау, 26 қараша 06:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Франциялық әйел дүниеге алты бала әкелді

2 854 просмотра

Франциялық әйел дүниеге алты бала әкелді. Бұл 30 жылда алғаш рет болып отырған оқиға. Бес қыз және бір бала Страсбург ауруханасында дүниеге келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Салмағы 630-дан 730 грамға дейінгі балалар кесар тілігі арқылы жүктіліктің 25-ші аптасында дүниеге келді. Әйелдің олармен қоса тағы екі баласы бар.

Сәбилер аман-есен туу үшін әйелді босандыруға 30 маманнан тұратын команда жұмылған. Нәрестелер неонаталды реанимацияға орналастырылды, олар ауруханада "бірнеше ай" жатуы тиіс.

Алты баланың тууы - әлемде сирек кездеседі, орташа алғанда 4,7 миллиард әйелдің біреуі ғана босанады. Мұндай оқиға Париж ауруханасында соңғы рет 1989 жылы болған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

18 мамыр 2020, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.