Атырау, 25 сәуір 03:40
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Шапкеновтің орнына Таубаев келді

Толықтырылды
6 665 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, бүгін, 18 мамырда Нұрлан ТАУБАЕВ Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Одан бұрын Нұрлан Ноғаев әкім болып тұрған кезде ол 10 ай облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, бірақ кейін ол «өз қалауымен» өтініш жазған.

«АЖ» ақпарат көзі бұл тағайындаудың ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілгенін және Таубаевтың өз жұмысын бастағанын хабарлайды. Ал бұл лауазымды атқарған Серік ШАПКЕНОВ, кейбір мәліметтер бойынша, жақында елордада өте жоғары лауазымға тағайындалады.

Осы жарияланымнан кейін Атырау облыс әкімінің баспасөз қызметі «Атырау облыстық әкімдігінде ешқандай кадрлық өзгеріс болған жоқ. Орынбасарлардың бәрі өз қызметінде» деген хабар таратты.

Ендеше, ресми ақпаратты күтелік.

Фархат ӘБІЛОВ

18 мамыр 2020, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.