Атырау, 26 сәуір 08:51
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда мейрамхана мен дәмханалар қандай жағдайда ашылады

4 572 просмотра

Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талаптар туралы айтты, деп хабарлайды Жедел штаб.

Темірбек Мұсағалиев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде мейрамханалар мен дәмханалар қызметіне 25 мамырдан бастап  рұқсат берілуі мүмкін екендігін мәлімдеді.

Десе де, облыс тұрғындары бос уақыттарын қоғамдық тамақтану орындарында өткізуі  үшін мейрамхана иелері  дайындықты қазірден бастау керек.

Біріншіден, тамақтану орындарында қызметкерлер мен келушілердің ара-қашықтығы сақталуы тиіс.

Екіншіден, мейрамханалар мен кафелерде  желдету жүйесі жақсы күйде болуы шарт. Міндетті т үрде ғимарат ішін желдетіп, ауасын тазартып тұру керек.  

Үшіншіден, тамақтану орындарында тұрақты бактерицидтік шамдар орнатылуы  тиіс. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру  қаупін азайтады.

Төртіншіден, мейрамханалар мен кафелердің кіре берісіне дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер)  қойылуы керек.

Бесіншіден, үстелдердің орналасуы біркелкі болғаны жөн, олардың арасы  1,5-2 метр қашық  болуы тиіс.

Сонымен қатар, ғимарат ішінде  санитарлық және  дезинфекция жұмыстарын уақтылы  жүргізіп, қызметкерлерге санитайзер мен медициналық маскаларды қолдану міндеттеледі.

18 мамыр 2020, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.