Атырау, 22 қараша 04:13
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Кезінде Nokia да керемет болды

Сурет
4 517 просмотра

Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күніне орай Батыс телекоммуникация дирекциясының Атырау мұражайы жаңа жәдігерлермен – бұрынғы жылдардағы ұялы телефондармен толықты. Көпшілігі раритетке айналған, олардың ішінде кезінде керемет болған NOKIA 303 телефоны да бар.

Бұл мұражайдың ашылғанына  9 жыл болған. Оған жалпы елімізде және өңіріміздегі телекоммуникацияның даму тарихын бейнелейтін бірегей жәдігерлер мен мұрағат деректері (құжаттар, суреттер, бейне-, аудиожазбалар) жинақталған. Бағалы жәдігерлер арасынан 1901 жылғы «ВАЧХИНЪ» телеграф аппаратын, 1965 жылғы телефон аппаратын, алғашқы түрлі-түсті «Электроника Ц-432» теледидарын,  «Маяк-202» дауыс зорайтқышын (1961), ХХ ғасырдың ортасындағы күйтабақ ойнатқышты және тағы басқа көп нәрселерді кездестіруге болады. Байланыс саласының даму кезеңдерін монитордан да көруге болады: бүкіл қағаз мұрағаты сканерленіп, сандық форматта жинақталған. Бұдан басқа, мұражайда әр жылдары Батыс ӨТД Атырау бөлімшесінің ұжымы марапатталған диплом мен кубоктар сақталған.

- Біздің мұражай сізді өткен дәуірге жетелеп, тарихымызды зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл бүкіл ғұмыры мен кәсіби білімін ел экономикасының маңызды салаларының бірін дамытуға арнаған жандарға көрсетілген үлкен құрмет, - дейді байланыс саласының ардагері әрі мұражай қорын сақтаушы Татьяна ӘБДІРАХМАНОВА. – Мұражайды ашуға ардагерлеріміз Аманғали ӘМІРЖАНОВ, Татьяна ХАСАНОВА, Атырау ОТД бұрынғы директоры, қазір Солтүстік ӨТД бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМАЛИЕВ мұрындық болды. Қазіргі көрме ақпараттық технологияның  жылдам дамып жатқанын көрсетеді. Өйткені, күні кеше ғана осы телефондарды қолдандық қой, ал қазір олар мұражай жәдігерлеріне айналып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді «Қазақтелеком» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі ұсынды

18 мамыр 2020, 03:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.