Биыл Атырауда 2,3 гектар жерге орама көгал төсеу жоспарланған.
Бұл жұмысқа қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Нұрлы таң Ақтөбе» ЖШС арасында келісімшарт жасалғаны туралы мемлекеттік сатып алу порталында хабарланған. Келісімшарт сомасы - 236 миллион теңге шамасында.
Жұмыстар басталды. Көгал қалалық және облыстық әкімдіктер ғимараттарының алдына, Азаттық даңғылының бойымен Әуезов көшесіне дейін, Владимирский, Құрманғазы көшелеріне және Жеңіс саябағына төселеді.
Бұдан басқа, мемлекеттік-жеке әріптестік аясындағы келісімшарттар бойынша Атырауда 5154 жапырақты ағаш көшеттері, 320 мың біржылдық гүлдер мен 700 метр бұта-талдар отырғызылады.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА