Атырау, 26 қараша 06:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Италия шекараларын ашатын болды

2 518 просмотра

Италия өзінің шекараларын ашпақ, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті биліктің шешімі бойынша, маусымның 3-інен бастап Италияға Еуроодақ елдерінен келгендер екі апта карантинде жатпайтын болды.

Ал мамырдың 18-інен бастап италиялықтар ел ішінде емін-еркін қатынай алады. Бұл туралы премьер-министр Джузеппе Конте хабарлады. Сонымен қатар мамырдың 25-і күні елде спорттық орталықтар, жаттығу залдары мен бассейндер де жұмысын бастайды. Ал маусым айының ортасында кинотеатрлар ашылады. Алайда премьер коронавирустың таралуы қайта өрши бастаса, ереженің кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.


17 мамыр 2020, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.