Атырау, 28 наурыз 19:05
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстан азаматтарының Түркияда емделуіне рұқсат етіледі

2 778 просмотра

Түркия 31 елдің азаматтары үшін медициналық қызметтерге енгізілген шектеулерді алып тастады, оның ішінде Қазақстан да бар. Шешім 20 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.

Енді Қазақстан, Ресей, Ирак, Ливия, Әзірбайжан, Греция, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды елінің медициналық туристері шекарадан өте алады.

Келетін науқастардың қолында коронавирусқа қатысты сынақтың теріс нәтижесі болуы керек.

Ал Түркияға баратын шетелдіктер ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, мүшелер мен сүйек кемігін трансплантациялау сияқты қызметтерді қолдана алады.

Пациент туралы мәліметтер алдымен медициналық бақылаудың халықаралық жүйесіне жіберіледі. Егер алдын-ала рұқсат алынған болса, азаматтарға түрік ауруханаларында емделуге рұқсат беріледі.

Айта кетейік, Түркияда коронавирус жұқтырған 140 мыңнан астам жағдай анықталды. Төрт мыңнан астам адам қайтыс болып, екі мыңнан астам адам емделіп шықты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

17 мамыр 2020, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.