«Атырау жылу жүйелері» АҚ тұтынушыларға 19 және 20 мамырда Атырауда жылу жүйелеріне жоғары қысыммен гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Осы екі күнде қалада ыстық су болмайды.
Сақтық шараларын сақтап, жылу жүйелері құбырларының жанына уақытша көліктер қоймауды сұраймыз.
Қауіпсіздік шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін: құбыр жарылып, су сыртқа жайылып, жерасты құбырларының үстіңгі қабаты ішінара бүлінуі ықтимал. Мұндай жағдайларда 32-22-58, 99-43-07, 99-43-98 телефондары арқылы хабарлап, ол жерден кету керек.