Ухан тұрғындары жаппай коронавирусқа тест тапсырып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
ҚХР мемлекеттік комитет басшысының орынбасары Цзэн Исинь Уханда тұрғындар жаппай COVID-19-ға тест тапсырып жатқанын растады, бұл індеттің ауқымын анықтауға және қаладағы қалыпты өмірді қайтаруға көмектесуі тиіс.
Бұған дейін қытайлық БАҚ коронавирус инфекциясының ошағы болған Хубэй провинциясының Ухан жедел штабы қалада жаңа жұқтыру жағдайлары анықталғаннан кейін 10 күн ішінде барлық тұрғынды COVID-19-ға скрининг жүргізуге нұсқау бергенін хабарлаған болатын.
"Ухань тұрғындарын тестілеуді бастаудың басты мақсаты індет ауқымын анықтау, скрининг қарқындылығын күшейту, бұл сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс пен өндірісті жаңартудың маңызды кепілі", - деп мәлімдеді Цзэн Исинь брифингте.
Ол тестілеуді кеңейту эпидемияны бақылауға, қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге көмектеседі, сондай-ақ экономика мен халықтың өмірін қалпына келтіруге септігін тигізеді деп атап өтті.
Ухан 18 сәуірде қауіп деңгейі төмен аймақтар қатарына кірді, ал 26 сәуірде қалалық ауруханадан коронавирус жұқтырған соңғы науқас шықты. Алайда 9 мамырда қаладан тағы инфекция жұқтырған адамдар анықталды.
Қытай билігі 8 сәуірде 76 күн бойы әлемнен оқшауланған тұрғындарға Уханнан шығуға рұқсат берді.
Қалада жалпы 50 339 вирус жұқтырған адам тіркелген, 3 869 адам қайтыс болды. Ухан халқы шамамен 11 миллион адам.
Дереккөз: tengrinews.kz