Атырау, 22 қараша 03:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

"Тазы ашуын тырнадан алады"

5 608 просмотра

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  департаментінің әдеп жөніндегі Кеңесінде Мақат ауданы әкімінің орынбасары Оксана АЙҚАШЕВАҒА қатысты тәртіптік іс қаралды. Оған Мақат кентіндегі мәдениет қызметкерлерінің шағымы себеп болды.

Шағымның қысқаша мазмұнын баяндасақ, Айқашева әйелдер мерекесі кезінде шақырылған қонақтарды мейрамханада құттықтауды көздеп, шығын көлемін өтеуді мәдениет үйінің басшысына тапсырады. Бұған ол келіспейді. Ал әкімнің орынбасары  осыдан кейін мәдениет үйінің басшысы мен есепшісін 2020 жылға арналған жоспарын бекітуге қатысты шақыртып алады. Негізі ол ағымдағы жылдың 5 қаңтарында әкімнің бұрынғы орынбасарымен талқыланып, бекітілген болатын. Сол жерден кемшіліктерді тауып, соның нәтижесі бойынша кей қызметкерлерге өз еркімен жұмыстан кетулерін талап еткен. 

Аталған мәселелер бойынша онлай өткен әдеп жөніндегі Кеңес отырысында оған ескерту түрінде қатаң тәртіптік жаза белгіленді. Сонымен қатар, Мақат ауданы әкімі Шәкір КЕЙКИНГЕ ішкі жұмыстарды назарға алып, қарауындағыларға мемлекеттік қызметкердің  Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауда түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 мамыр 2020, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.