Атырау, 18 сәуір 15:20
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Мотоцикл де, көлік те айып тұрағына қойылды

3 696 просмотра

Атыраудың патрульдік полиция қызметкерлері Әлипов көшесінде бірден үш мотоцикл жүргізушісін тоқтатып, бірнеше құқықбұзушылық анықтады.

29 жастағы жүргізуші тізгіндеген жапондық Kawasaki және 22 жасар жігіт мінген қытайдың Lifan мотоциклдерінде мемлекеттік нөмір болмаған, соңғысының жүргізуші куәлігі де жоқ. Тағы бірі 37 жаста, Lifan-ға жалған нөмір таққан. Үшеуіне де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қаралған тиісті бап бойынша хаттама ресімделді, ал мотоциклдер айыппұл тұрағына қойылды.

14 мамырға қараған түні патрульдік полиция қызметкерлері  дыбыс сигналын беруге арналған құралды (мигалка) заңсыз орнатып алған Mercedes Benz автокөлігін тоқтатты. Оның 21 жасар жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 603 бабымен (Көлiк құралына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу) хаттама ресімделді. Көлік айып тұрағына қойылды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 мамыр 2020, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.