Атырау, 16 қаңтар 08:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Құрманғазы ауданында COVID-19 жұқтырған 5 науқас, Теңіз кенішінде - 27 науқас анықталды

4 834 просмотра

Атырау облысында COVID-19 жұқтырудың 32 жаңа жағдайы тіркелді.

Құрманғазы ауданында вирус жұқтырған 5 науқас анықталды, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар тіркелді. Бұлар - бес ер адам, 1996, 1992, 1995, 1996, 1988 жылғы Түркістан облысының тумалары. Олар Атырау облысына Ресей Федерациясынан келген. Коронавирус инфекциясына жасалған тест оң нәтиже көрсеткен. Әрекет ету алгоритміне сәйкес олар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Тағы 27 науқас – Теңіз жұмысшылары, атап айтқанда, 1997, 1986, 1978, 1997, 1981, 1995, 1994, 1985, 1984, 1979, 1982, 1962, 1984, 1994, 1979, 1979, 1990, 1975, 1982, 1980, 1964 жылғы 21 ер адам мен 1966, 1961, 1977, 1972, 1968, 1999 жылғы алты әйел. Олардың барлығы кеніштен демобилизация алдында тексеруден өткен. ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 506 адамға жетті, олардың 428-і – Теңіз кенішінде тіркелген. Сауығып шыққандар саны – 147 адам.

16 мамыр 2020, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.