Атырау, 17 сәуір 01:35
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Өнімді қоқысқа тастау үшін жинапты

3 633 просмотра

«Ардагер» ықшамауданының тұрғындары «АЖ»-ға жыл сайын күн жылына бастаған кезде сол маңда орналасқан көкөніс қоймасынан шығатын сасық иіс маңайды алып кететіндігіне шағымданды. Биыл да осы жағдай қайталанған.

Ауыл шаруашылығы басқармасының балансында тұрған көкөніс қоймасы бір кездері «Атырау» ӘКК-нің сенімгерлік басқаруына беріліп, содан кейін «Каспий Проджекс Суплей Компани ЛТД» ЖШС-не өткен. Бұл ЖШС өз кезегінде көкөніс қоймасын басқа мекемеге жалға беріпті.

- Қазіргі уақытта көкөніс қоймасын жалға алып отырған ЖШС-де 4 мың тоннадан астам сәбіз бен қырыққабат шіріп кеткен, - дейді «Каспий Проджекс Суплей Компани Лтд» ЖШС директоры Амангелді САРИЕВ. - Қазір шіріген өнімді КамАЗ қоқыс орнына тасып жатыр, жүргізуші күніне 8 рейс жасайды. Бүгінде қоймада 600 тоннадай шіріген өнім қалды, мен бәрін бір апта ішінде шығаруды тапсырдым.

Мұрат СҰУЛТАНҒАЛИЕВ 

15 мамыр 2020, 20:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.