Атырау, 11 сәуір 12:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Тағы бір ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

3 313 рет қаралды

Тағы бір ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды REUTERS.

Дереккөз мәліметінше, Словения үкіметі ресми түрде елде эпидемия аяқталғанын мәлімдеген.

Биліктегілер соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 7-ден аспағандықтан осындай шешім қабылдаған екен.

"Соңғы екі айда Словенияда коронавирус жұқтырғандардың санын азайту мүмкін болды. Бүгінде Словенияда эпидемиологиялық жағдай жақсы", - деді премьер-министр Янез Янша.

Дегенмен үкіметтегілер халықтан сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Маска тағып, қоғамдық жерлерде қашықтық сақтап, қолды дезинфекциялауды ұмытпауға кеңес береді.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 мамыр 2020, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.